Талбесік • 26 Тамыз, 2025
Асқақ Алатаудың саф ауасы биікке көтерілген сайын жан сарайыңды ашады. Жасыл кілемдей жайқалған байтақтың көз жауын алатын пейзаж жаныңа ғажап күй сыйлайтыны анық.
Құқық • 26 Тамыз, 2025
Әйел құқығының қоғамдық салмағы
Биыл – Конституциямыздың, Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығы. Осы орайда Ата заңымыздың әйелдер мен ерлердің құқықтарын қамтамасыз етудегі рөлі, гендерлік теңдікті орнатудағы елдің 30 жылдағы нәтижесі, сондай-ақ Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының және БҰҰ ҚК 1325 қарарын іске асыру перспективаларын сарапшылар Халықаралық конференцияда талқылады.
Талбесік • 26 Тамыз, 2025
Табиғаттың інжу-маржаны Іле Алатауының ең көрікті аймағы Алматы мемлекеттік табиғи қорығына тиесілі. Қорық 1931 жылы мамырда Кіші Алматы өзені аймағында ұйымдастырылған. Содан бері жан пенденің еш себепсіз топырағын басып, гүлін үзуге тыйым салынған табиғи қорық аумағы Солтүстік Тянь-Шаньның орталық бөлігінде, теңіз деңгейінен 1200–5017 метр биіктікте, жалпы алқабы 71700 гектарды құрайтын Талғар, Есік аудандарын алып жатыр.
Ғалам ғажаптары • 26 Тамыз, 2025
Швейцариялық ерлі-зайыпты Шверер ширек ғасыр мұхитта өмір сүріп келеді. Олар осы уақыт ішінде алты бала сүйген. Кеменің аумағы небәрі 20 шаршы метр болғанымен, олар үшін осы өмір салты қолайлы болған.
Тағзым • 26 Тамыз, 2025
Мәдениеттің жаршысы да, жанашыры да еді...
Ол жаңалықтың жаршысы, өнер мен мәдениеттің қамқор тұлғасы еді. Театр мен драматургияның өзекті мәселелерін бір адамдай түсініп, тұшынып жазатын.