Қазақстан • 22 Тамыз, 2017
Ең таңдаулы 100 оқулық қазақ тіліне аударыла бастады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау қажеттігін айтқан болатын. Осыған байланысты Ұлттық аударма бюросы құрылып, жоғары оқу орындарына арналған гуманитарлық бағыттағы жаңа оқулықтар жобасын әзірлеуге кірісіп кетті.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2017
Елбасы Өскемен титан-магний комбинатының басшылығын қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамының басшылығын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2017
Еліміздегі «Тұтынушылардың Ұлттық Одағына» 25 жыл толды
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жұмысын бастаған дербес ұйым осы уақыт аралығында тұтынушылардың талап-арыздары бойынша сотта 2448 істе жеңіске жетіп, 600 миллион теңгеден астам моральдық және материалдық залалдың өндірілуіне сеп болған.
Қазақ футболына жаны ашып отырған кім?
Қазақ футболындағы қандай да болсын клубты алып қарасаңыз, оның ту сыртында жергілікті «жарты патша» – әкім тұрады. Жасыратыны жоқ, біздегі футбол клубтарының тағдыры жергілікті әкімдердің қолында: «Шырқ айналар сорлы тауықтың» күйін кешін, бюджеттің қаржысына басыбүтін тәуелді болып алған.
Күрес • 22 Тамыз, 2017
Әлем чемпионаты-2017: Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты
Францияның Париж қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні грек-рим күресінен 59 келі салмақта сынға түсіп жатқан балуанымыз Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.