Денсаулық • 23 Тамыз, 2025
АИТВ-ға инфекциясына үйден шықпай тексерілуге болады
Бүгінде АИТВ-инфекциясы диагностикасының жаңа, өзін өзі тестілеу әдісі енгізілуде. Енді АИТВ-жұқтыру қаупі жоғары адамдар сынама тапсырып, 20 минут ішінде нәтижесін біле алады. Мұны істеу үшін үйден шығудың қажеті жоқ. Бұл диагностикалық әдіс Шымкент қаласының тұрғындары үшін де қолжетімді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 23 Тамыз, 2025
Автосақтандырудың жаңа коэффициенті дайындалды
Қазақстанда көлік құралдарын міндетті сақтандыру құнын есептеу үшін жаңа түзету коэффициенттерін енгізуге ниетті екені осыған дейін айтылған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНДРА) қаулысының тиісті жобасы жария талқылауға шығарылды. Ол 8 қыркүйекке дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Тамыз, 2025
Абай облысындағы үш баланың өмірін қиған жол апаты: жүргізуші эпилепсиямен есепте тұрған
Абай облысында үш баланың өмірін қиған жол апатына кінәлі ер адам 2013 жылдан бері «эпилепсия» диагнозымен есепте тұрғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2025
Қостанайда халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды
Қостанайда көп функциялы қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұған дейін жұмыс істеп келген ескі орталықтың тұрған жері қолайсыз, ғимараты тарлау болатын. Жаңа ХҚКО кең, жаяу немесе көлікпен келушілерге бірдей қолайлы қала орталығындағы екі қабатты ғимаратқа орналасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 23 Тамыз, 2025
Елде электромобильдер 18 мыңға жуықтады
Ішкі істер министрлігі елімізде тіркеліп жатқан электромобильдер саны тұрақты түрде артып келе жатқанын мәлім етті.