Президент • 23 Тамыз, 2025
Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 тамыз күндері Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2025
Қарағанды облысы, Абай қаласындағы қоқыс полигонының құрылысы аяқталуға жақын. Қатты тұрмыстық қалдыққа арналған заманауи нысан қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Никита Шаталов жұмыс барысымен танысты.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2025
Сенаторлардың өңірлерге сапары аясында депутаттар Сергей Карплюк пен Бибігүл Аққожина Қостанай облысының Сарыкөл ауданына ат басын бұрды. Жұмыс сапары барысында парламентшілер ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, аграрлық кәсіпорындардың қызметімен және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жұмысымен танысты.
Университет • 23 Тамыз, 2025
Манас елінде ЕҰУ филиалы ашылды
Бішкек қаласында Еуразия ұлттық университетінің Ош мемлекеттік университеті базасындағы филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында ұйымдастырылды.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2025
Бірлікке қызмет еткендер марапатталды
Петропавл қаласында «Бірлік пен келісім жолындағы – 30 жыл» атты облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы болып, оған ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, «Ассамблея жастары РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, ішкі саясат басқармасы және этно-мәдени бірлестіктер басшылары, ҚХА мүшелері қатысты. Іс-шараға қатысушылар алдымен қаладағы Абай мен Пушкин ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.