Digital • 22 Тамыз, 2025
ҚазҰУ-да Орталық Азияның IT мамандары бас қосты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде AWS Community Day Central Asia 2025 атты ауқымды өңірлік форум басталды. Жиынға AWS Heroes, Community Builders сарапшылары, сондай-ақ Канада, Германия, Испания, Қазақстан және Өзбекстаннан келген арнайы қонақтар қатысты. Шара аясында инженерлер, архитектура мамандары, стартап өкілдері, студенттер мен IT-сала көшбасшылары бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Тамыз, 2025
Бектенов жол сапасына қатысты заңбұзушылықтарды сынға алды
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған міндеттерді ескере отырып, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспарлары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 22 Тамыз, 2025
Ауыл мектептерінің өкілдері Қарағандыда бас қосты
Елімізде алғаш рет қала мен ауыл мектептерін тең дамытуға бағытталған барлық отандық білім беру операторлары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ аясында бас қосты. Қарағанды облысы Осакаров ауылындағы Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепке 200-ден астам мектеп басшысы келсе, онлайн форматта 4 мыңға жуық мұғалім қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Тамыз, 2025
Қазақстандық ескекші жаһандық жарыстың финалына шықты
Миланда (Италия) өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден 50-ші әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Сергей Емельянов финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Тамыз, 2025
Бақытжан Байжановқа жасалған рақымшылық заңды күшіне енді
Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты қылмытық іс бойынша сотталған Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды. Тиісті сот шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.