Партия • 20 Қыркүйек, 2025
Міржақып Дулатұлының мерейтойына арналған ат марафонына 100-ге жуық шабандоз қатысуда
Қостанай облысының Торғай ауылында ұлы ақын әрі «Алаш» қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай мерекелік іс-шаралар өтті. Оған Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Парламент депутаттары және қалың жұртшылық қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Рекорд • 20 Қыркүйек, 2025
Әлемдегі ең үлкен түйе керуені Алматы облысында өтті
Алматы облысы Іле ауданының Күрті ауылдық округінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын тарихи оқиға орын алды. Ұлттық рухты жаңғырту, көшпелі мәдениетті дәріптеу, сондай-ақ туризм мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» атты ауқымды мәдени шара әлемдік деңгейде рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Қыркүйек, 2025
Семейдегі жәрмеңкеде 19,5 тонна сиыр еті мен мыңдаған килограмм көкөніс төмен бағамен сатылды
Абай облысының орталығы Семей қаласында әр сенбі сайын «Северный» сауда-логистикалық орталығында (СЛО) ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты түрде өтеді. Жәрмеңкелердің басты мақсаты - қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 20 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда World CleanUp Day аясында 422 мыңнан астам адам сенбілікке шықты
20 қыркүйекте әлем бойынша өткен «World CleanUp Day» экологиялық акциясы аясында Қазақстанда кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Бастама қоршаған ортаны тазартуға және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Білім • 20 Қыркүйек, 2025
Қала күні аясында алғашқы республикалық «JasSkills Kazakhstan – 2025» байқауы өтіп жатыр
Еліміздің түкпір-түкпірінен 9-10-сынып оқушылары арасында тұңғыш рет республикалық «JasSkills Kazakhstan – 2025» байқауы өтіп жатыр. Бұл ауқымды іс-шара халықаралық WorldSkills чемпионатының стандарттарына сай ұйымдастырылып, жасөспірімдерге талантын көрсетуге әрі болашақта сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.