Білім • 20 Қыркүйек, 2025
Колледж түлектеріне сұраныс жоғары
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елімізге жоғары білікті, кәсіби даярлығы мықты жұмысшы мамандар қажет екенін айрықша атап өтті. Өйткені оларсыз еңбек нарығын елестету тіпті де мүмкін емес.
Медицина • 20 Қыркүйек, 2025
Денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртатын бастама
Сапалы медицина – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Елімізде денсаулық сақтау саласы кейінгі жылдары елеулі өзгерісті бастан өткеріп, ұлттық деңгейдегі басым бағыт ретінде айқындалды. Әсіресе ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға айрықша назар аударылып келеді. Ауылдағы медицина инфрақұрылымын жаңғырту денсаулық сақтау саласын ғана емес, тұтас өңірлік даму сапасын арттырудың басты тетігіне айналып отыр.
Төтенше жағдай • 19 Қыркүйек, 2025
Ауа құрамы әр төрт сағат сайын тексерілуде
Алатау қаласының аумағындағы қоқыс полигонында тұтанған өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Ауқымды аумақты шарпыған қызыл жалынды ауыздықтауға қажетті күш-құралдар жұмылдырылды. ТЖД бөлімшелері жану ошақтарын инертті материалдармен толтырып, топырақты нығыздау және инъекциялық сөндіру әдісін қолдануда.
Алматы • 19 Қыркүйек, 2025
Нөсер сайын Алматыны неге су басады?
Бүгін Алматы әкімі қаладағы су басу қаупі жоғары аумақтарды тексеріп, жұмыс мерзімі мен сапасына қатысты бірқатар тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2025
Алматыда шахматтан балалар арасындағы әлем чемпионаты басталды
Алматыда 8, 10 және 12 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионаты - FIDE World Cadet Chess Championships 2025 басталды. Турнирді өткізу Қала күнін мерекелеуге сәйкес келді. Салтанатты ашылу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысты, деп жазады Egemen.kz.