Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2025
Ертең Қостанай облысында Алаш арысы, ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар басталады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Қыркүйек, 2025
Келешек мектебі: Қазақстандағы орта білім сапасын арттырудың жаңа парадигмасы
Қазіргі заманның талабы – балаларға сапалы білім беру. Өйткені мықты мектеп – мықты елдің негізі. Осыны ескерген мемлекет соңғы жылдары білім саласын жаңғыртуға ерекше көңіл бөліп келеді. Соның ең үлкен қадамы – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді жүзеге асырылуда. Бұл жоба жаңа мектептер салумен қатар, оқыту әдісін жаңартып, балаларға заманауи әрі қауіпсіз орта құруды мақсат етеді.
Заң мен Тәртіп • 19 Қыркүйек, 2025
Авторлық құқық жүйесі талқыланды
Қазір ақпарат айдынындағы мәтін, фотосурет, бейнематериалдар көз ілеспес жылдамдықпен жаһанға жайылады. Бұл жағдай журналистер мен редакциялардың алдына авторлық құқықты сақтау жауапкершілігін жүктейді. Сондықтан заңгер, PhD Рамазан Көкжал «Қазақ газеттері» серіктестігің шаңырағына келіп «Журналистикадағы авторлық құқық» тақырыбында БАҚ өкілдеріне дәріс оқыды.
Мәдениет • 19 Қыркүйек, 2025
Мәскеуде өтетін халықаралық музыкалық «Интервидение-2025» байқауына Әміре есімімен танылып жүрген әнші Ернар Садырбаев қатысады. Финал бүгін түнгі сағат 22:30-да «Первый канал Евразия» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Қыркүйек, 2025
Президент қылмыстық кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы заңнаманы күшейтті
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.