Жұмысшы мамандықтар жылы • 18 Қыркүйек, 2025
Еңбек пен шеберлікті тоғыстырған аспаз
Мемлекет басшысының биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы еліміздегі еңбексүйгіш мамандарға деген құрметтің нақты көрінісі. Бұл бастама ең алдымен, қоғамның түрлі саласында тер төгіп жүрген мамандардың кәсіби жетістіктерін дәріптеп, олардың еңбегін айқын көрсетуге бағытталған. Өйткені еңбек тек табыс көзі ғана емес, ол адамның бойындағы төзімділік пен шыдамдылықты, шығармашылық пен шеберлікті шыңдайтын күш. Кондитерлік сала да дәл осындай талаптарды қажет ететін мамандықтардың бірі. Мұнда тек өнімдердің үйлесемі ғана емес, сондай-ақ маманның шеберлігі мен шығармашылығы да көрініс табады.
Төтенше жағдай • 18 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Алматы облысындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында тұтанған өрттің аумағы 15 гектарға жетті. Қызыл жалынды ауыздықтауға 300-ге жуық маман мен 140 техника тартылды. Өртке қарсы күреске төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірге жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері де жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қыркүйек, 2025
Демеу Жадыраев әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Хорватия астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2025
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері 18 жастағы азаматты ұстады. Ол мессенджер қолданушыларының аккаунттарын бұзды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Қыркүйек, 2025
Газада опат болғандар саны 65 мыңнан асты
Израиль қарулы күштері Газа қаласының орталық бөлігіне кіріп, Хамас жасақтарының соңғы тірек нүктесін басып алуға әрекет жасап жатыр, деп жазады Egemen.kz.