Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018
Мақсат – қылмысты барынша азайту
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Орталық коммуникациялар қызметінде «Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту» тақырыбымен өткен баспасөз мәслихатында еліміздегі қылмыстық ахуал, қауіпсіздік мәселелеріне байланысты сауалдарға жауап берді.
Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018
Жастар ұйымдары жарқын болашақ жолында күш біріктіруде
Бурабайда «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен «Жастар – Отанға!» лагерінде Қазақстанның жас лидерлері «Ұлттық патриоттық актіне» қол қойды. Осылайша ел жастары өзара әріптестікті нығайтып, жастар саясатын жандандыруға бағытталған бастамаларды бірлесіп жүзеге асырмақ. Лагерь жұмысының салтанатты ашылу рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты.
Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018
Өндірісті өңірдегі жобалардың өрісі кең
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел өңірлерінде жұмыс сапарымен жүрген Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысында болып, бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралады, өңір жұртшылығымен кездесті. Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары, «Бес әлеуметтік бастамасы», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында алға қойған міндеттердің орындалу барысымен танысты.
Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018
Қарағанды: миллиондық межеге нық қадам
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысы активімен өткізген кеңес барысында кеншілер астанасын еліміздегі миллион тұрғыны бар төртінші қалаға айналдыру туралы айтқан еді. Қазақстан Президенті Қарағанды сияқты әлеуеттік мүмкіндігі зор қала үшін бұл деңгейдің қолжетімді екендігін нақты мысалдар келтіре отырып талдап берген болатын.
Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018
Табысты тауарлы-сүт фермалары көбейді
Жетісу өңірінде соңғы 3 жылда ірі қара малы 86 мың басқа көбейген. Бұл – «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламаларының тиянақты жүзеге асуының арқасында қол жеткен көрсеткіш. Ірі қараның көбеюі облыс бойынша тауарлы-сүт фермаларының да көптеп ашылуына мүмкіндік беріп отыр.