Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Қытай делегациясымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік даошылар федерациясының төрағасы Ли Гуанфу, Қытай буддашылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Цзин Бо және ҚХР Дін істері жөніндегі бас басқармасының әкімшілік департаменті бастығының орынбасары Сунь Вэй бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 17 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұлан қызметкері панкратионнан Қазақстан чемпионы атанды
Астанада 16–18 қыркүйек аралығында панкратионнан Amateur MMA бағыты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі, «BURKIT TEAM» клубының спортшысы Нұрғали Нұрғайпұлы қарсыластарына дес бермей, чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Қыркүйек, 2025
Елімізде ең көп көлік қай өңірде тіркелген
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамыз айында 159,5 мың автокөлік тіркеуден өткен. Оның 5,2 %-ы алғаш рет есепке қойылған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2025
Мемқызмет агенттігі HR мамандарына арналған ашық диалог алаңын өткізді
2025 жылдың 17 қыркүйегінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі HR-қауымдастық өкілдері үшін «HR цифрландырудың жаңа тәсілдері» атты Open Day ұйымдастырды. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – кадрлық үдерістерді заманауи цифрлық құралдар арқылы жетілдіру мүмкіндіктерін көрсету және мемлекеттік қызмет саласында адами капиталды дамыту бойынша жаңа тәжірибелермен бөлісу болды, деп хабарлайды Egemen.kz.