Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017
Оңтүстікте инновациялық әдіспен шағын су электр стансалары салынады
Астанада өткен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталар тұста «Шымкент» ӘКК мен «Росатом Орталық Азия» аймақтық орталығы өзара ынтымақтастық пен әріптестік келісіміне қол қойды. Оның мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысында шағын су электр станциясы мен басқа да баламалы энергия саласын дамыту, сондай-ақ, табиғат қорын тиімді пайдалану мен сақтау болып табылады. Құжатқа «Шымкент» ӘКК басқарма төрағасы Айтмұхаммед Алдажаров пен «Росатом Орталық Азия» бас директоры Виталий Драгунов қол қойды.
Парламент • 12 Қыркүйек, 2017
ЕурАзЭС елдері арасындағы келісімді ратификациялау қаралды
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2017
Үкімет жаңа Салық кодексінің жобасын мақұлдады
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы мақұлданды, ол ШОБ өсімін ынталандыруды және еліміздің қаржы секторын нығайтуды көздейді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017
Алдағы күндері Астанада тұрақсыз ауа райы сақталады
Қазір Ақмола облысының аумағы және Астана қаласы Қазақстанның солтүстік жағында болатын циклонның ықпалында болады. Республиканың солтүстік бөлігіндегі циклон жаңбыр шақырып, тез батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысады.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2017
Үкіметте астық жинау науқанын өткізу мәселелері қаралды
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында 2017 жылғы астық жинау жұмыстарын жүргізу барысы қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.