Экономика • 17 Қыркүйек, 2025
Басты міндет – ауыл шаруашылығында терең өңдеу өндірісін дамыту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Президент өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Сапар аясында астықты өңірлер әкімдерінің қатысуымен егін жинау науқанына арналған кеңес өтті.
Саясат • 17 Қыркүйек, 2025
Жаһандық бейбітшілікті бекемдейтін бастама
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында съезд хатшылығының XXIII отырысы өтті. Онда ортақ миссияға табан тіреген түрлі дін өкілдері алдағы VIII съезге және форумның Ізгі ниет елшілерін сайлауға қатысты мәселелерді талқылады.
Білім • 17 Қыркүйек, 2025
«Qazaq Digital Mektebi»: Жаңа дәуірдегі білім жүйесі
Жаһанды қызықтырған жасанды интеллект қазір барлық салада қарқын алып келеді. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында бұл бағыттың білім беру жүйесінде де басымдыққа ие болуы қажеттігін атап өтті. «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзыретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс. Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн. Ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады. Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Президент. Осыған орай біз білім саласына ЖИ-ді енгізу, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, маман даярлау және қауіпсіздік мәселелері жөнінде сала мамандарын әңгімеге тартқан едік. Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының директоры Нәзипа Аюбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жасанды интеллект кафедрасының меңгерушісі Бибігүл Разахова, Жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы төрағасының орынбасары Анар Төлеубаева өзекті тақырып жөніндегі ойларын ортаға салды.
Саясат • 17 Қыркүйек, 2025
Діни нысандар – жалпыадамзат құндылығы
Біріккен Ұлттар Ұйымы адамзаттың игілігі жолындағы жаһандық бастамаларды ілгерілету үшін Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің алаңын құп көріп, Өркениеттер Альянсының арнайы сессиясын өткізді. Діни нысандарды қорғау бағытындағы адамзатқа ортақ өзекті мәселелер талқыланған іс-шара жоғарыда аталған съез аясында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2025
Қайтарылған қаржыға – медициналық пункт
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған активтер есебінен Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды.