Күрес • 17 Қыркүйек, 2025
Еркін күрес шеберлері Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатын қорытындылады. Аталған жарыста еліміздің құрамасы қос қола медальды қанағат тұтты. Жүлде иегерлері – Асылжан Есенкелді (61 кг) мен Нұрқожа Қайпанов (70 кг).
Мәселе • 17 Қыркүйек, 2025
Жамбыл өңірінде бірнеше күннің бедерінде екі бірдей мектеп оқушысы көз жұмды. Жалпы алғанда жаңа оқу жылы басталғалы үш мектеп оқушысы бұзақылық салдарынан бақилық болды. Өкініштісі сол, кейінгі екі оқушы қатарластарының қолынан қаза тапқан.
Ғалам ғажаптары • 17 Қыркүйек, 2025
Кейбір адамдардың қан қысымы былайғы уақытта қалыпты болғанымен, дәрігерге барып өлшенгенде күрт көтеріліп кетеді. Бұл құбылысқа «ақ халат синдромы» деген атау да берілген. Мұндай кезде қысымның көтерілуі аурудың өзінен емес, дәрігерге қаралуға байланысты уайымнан туындайды.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2025
Ырғыз елді мекенінде ауданның 180 жылдығына байланысты бірнеше іс-шара өтті. Тарихи мекенге арналған ғылыми конференцияда ХІХ–ХХ ғасырдағы тарихи оқиғаларды, түрлі зұлмат кезеңдерін бастан өткерген Ырғыздың есімдері ескерусіз қалған тұлғалары туралы зерттеулерін баяндаса, мемлекет қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің қызы, Ырғыз ауданының құрметті азаматы, Алматыдан келген 93 жастағы Орынша Қарабалина Ыбырай Алтынсарин мектебінен түлеп ұшқан Ырғыз арыстары жөнінде тебірене сөйледі.
Ғалам ғажаптары • 17 Қыркүйек, 2025
Әлемде жыл сайын 62 миллион тонна электронды техника жарамсыз күйге өтеді. Оның ішінде ноутбук, смартфон, теледидар сынды тұрмыстық құрал-жабдықтар бар. Бірақ соның тек төрттен бірі ғана қайта өңделеді, ал қалғаны қоқыс полигонына жіберіледі.