Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда жаңа медициналық пункт ашылды
Шет ауданының Еңбекшіл ауылында елге қайтарылған заңсыз активтер есебінен жаңа медициналық пункт ашылды. Заманауи жабдықталған нысан 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетіп, шұғыл жағдайларда аудандық аурухананың реанимобиль көлігін пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Қыркүйек, 2025
Үкімет Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды мақұлдады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шара жоспарының жобасы қаралды. Сондай-ақ жол қозғалысы мен жаяу жүргінші қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шықты.
Экономика • 16 Қыркүйек, 2025
Ілгерілеу стратегиясының мүмкіндігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын әртараптандыруға жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті. Кейінгі жылдары өңдеуші өнеркәсіптің жалпы қосылған құны екі есе өсіп, 17 трлн теңгеге жуықтаған. Дегенмен оның ІЖӨ-дегі үлесі небәрі 12,4% болып отыр. Президент бұл жеткіліксіз екенін айтып, әртараптандыру қарқынын арттыруды тапсырды.
Пікір • 16 Қыркүйек, 2025
Технологиялық әлеует әскер айбынын арттырады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы Қарулы күштеріміздің әскери қызметшілері арасында зор қызығушылық пен толық қолдауға ие болды. Жеке құрам Мемлекет басшысының жаһандық технологиялық трансформациялар жағдайында ел дамуының басым бағыттары және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі цифрлық технологиялардың рөлін күшейту жөніндегі стратегиялық үндеуін ерекше ықыласпен қабылдады.
Пікір • 16 Қыркүйек, 2025
Инвестиция мен экономикалық өсім алғышарты
Сауда-саттық – ықылым заманнан келе жатқан күнкөріс көзі. Сол арқылы дүние жүзінде барыс-келіс, алыс-беріс үрдісі қалыптасты. Ұлы Жібек жолы ашылып ел мен елді жалғастыратын алтын көпір пайда болды. Бір жердің саудагерлерінің екінші елде кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік туды. Есесіне уақыт өте келе инвесторлар сан салаға инвестиция салатын жағдайға жетті. Ал қазіргідей кезеңде инвесторлардың біздің елге бетбұрыс жасауы қуантарлық жағдай десек, әсте жаңылыспаймыз.