Ғылым • 14 Қыркүйек, 2023
Мұнай тасымалдау технологиясын жетілдірмек
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары тұтқырлығы жоғары парафинді мұнайдың төгілу температурасын төмендету үшін депрессорлық мақсатта тиімді химиялық реагенттерді алу технологияларын әзірлеу үстінде. Бұл жобаға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, химия ғылымдарының докторы, профессор Казим Надиров жетекшілік етеді.
Ғылым • 14 Қыркүйек, 2023
Биологиялық сын-қатерлерге жауап
Адамзатты жұқпалы вирустардан сақтау әлем елдеріне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, адамзатқа қауіп төндірген, экономикалық, әлеуметтік жағдайын тұралатқан COVID-19 пандемиясының патогенезі академиялық қауымдастықтар үшін әлі күнге жұмбақ. Олар қауіп-қатер туғызатын вирустар осыдан жүздеген жыл бойы өзекті болғанын, технологиялар ғасыры вирустардың жаңа түрлерін анықтап, алдын алу жолдарын қарастыруы қажет екенін айтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, COVID-19 әсіресе Таяу Шығыс, Азия мен Еуропа елдерінде өршіп отырғаны байқалады.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2023
Кеше қарағандылық ардагерлер Приозерск қаласындағы «Балқаш» шипажайына жолға шықты. Онда ардагерлер демалып, тегін ем алады. Мұндай игілікті шаруаны облыс әкімдігі ұйымдастырып беріп отыр. Ардагерлер ұйымы құрылғалы алғаш рет шипажайға жолдама алып отыр.
Бағдарламалар • 14 Қыркүйек, 2023
Бүгінде жеке иелігіне ипотекалық жүйемен болсын баспана сатып алу халық қалтасына оңай соқпай тұрғаны – шындық. Баспана алуға жиған-терген қаражаты жетпей тығырыққа тіреліп жүрген отбасылар да баршылық. Дегенмен мемлекеттік саясат тұрғысынан алып қарағанда жұрт көкейінде жүрген бұл мәселе әртүрлі бағдараламалар аясында біртіндеп шешімін тауып келеді. Солардың бірі – биылдан бастап күшіне ене бастаған 2023-2029 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың тұжырымдамасы.
Білім • 14 Қыркүйек, 2023
Ауыл мектебі қала мектебінен кем болмауға тиіс. Осы мақсатта «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы жемісті жұмыс істейді. Осакаров ауданының орталығындағы Әлихан Бөкейханов атындағы тірек мектебі де соның есебінен жаңғыртылды.