Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2025
Салт-дәстүрді насихаттайтын орталық
Бұл күні Өскемендегі өнер музейінде әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізден көріністер қойылып, руханиятқа толы үлкен іс-шара болды. Сонау Шымкент қаласынан келген «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» ұжымы қала төрінде салтымыздың сан түрін сахналады.
Саясат • 12 Қыркүйек, 2025
Сирия мен Ауғанстандағы ахуалға қатысты мәселелер қаралды
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының IV кездесуіне қатысты.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2025
Ұлттық жобаны іске асыру барысы
Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) жөніндегі ұлттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Ол қанатқақты жобаларды қаржыландыру, сатып алу тетігі, отандық өндірушілерді қолдау және «Smart Turmys» бірыңғай цифрлық платформасын құру мәселелері бойынша есептерді тыңдады.
Кино • 12 Қыркүйек, 2025
Unico Play: Қазақстандағы алғашқы онлайн-кинотеатрдың тұсаукесері өтті
Бүгін елордада Қазақстандық киноның болашағына жаңа тыныс сыйлайтын Unico Play ұлттық стримингтік платформасының ресми тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 12 Қыркүйек, 2025
Қонаевта 2,2 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды
Алматы облысы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова Қонаев қаласында орналасқан «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС нысандарына баспасөз турын өткізді. Іс-шараға журналистер, депутаттар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.