Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Шымкентте интернет алаяқтардың қылмыстық тобы қолға түсті
Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы күрес бастады. Соның аясында Шымкент, Алматы қаласы мен Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді. Тексеру барысында күдіктілердің интернет-алаяқтықтың 9 жайтына қатысы бар екені анықталды. Келтірілген материалдық шығын жалпы сомасы 141 миллион теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Ұлытауда халықаралық конференция өтіп жатыр
Ұлытау облысында қыркүйек айының 27–29 күндері аралығында «Жошы хан және Алтын Орда: тарих, мұра және Ұлы Дала өркениеті» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино • 29 Қыркүйек, 2025
«Qaitadan» фильмі миллиардтық табысқа жетті
Қазақстан киноиндустриясында жаңа тарихи жетістік тіркелді. Режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды «QAITADAN» фильмі прокатқа шыққан үш аптаның ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, мемлекеттен бөлінген қаражатты бес есеге артығымен қайтарған алғашқы жоба атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2025
Түркістанда триатлоннан Азия кубогы өтті
26–28 қыркүйек күндері Түркістанда Asia Triathlon Cup Turkestan 2025 жарысы өтті. Түркі дүниесінің рухани астанасында ұйымдастырылған додаға Азиямен қоса Еуропаның мықты триатлеттері жиналды. Барлығы 12 елдің спортшылары бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.