Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2019
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Кездесу барысында Елбасына еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің бөлімшелері мен құрамаларының жауынгерлік даярлығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
Үкімет • 03 Қыркүйек, 2019
Тұрғын үй кезегінде тұрған адамдардың бірыңғай республикалық базасы енгізіледі — Ж. Қасымбек
Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауын іске асыру шаралары талқыланды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек тұрғын үй, сумен жабдықтау, көп пәтерлі үйлерді күрделі жөндеуден өткізу, автожолдар, авиабилеттердің қолжетімділігі мәселелері жөнінде баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Саясат • 03 Қыркүйек, 2019
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ өкілін қабылдады
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Ұлт азшылықтары істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Ламберто Заньермен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанайлық 47 полицей латын қарпін меңгеріп шықты
Қостанай облысының полицейлері латын қарпінде қазақ тілін оқыту курсынан өтті деп хабарлайды облыстық ПД Баспасөз қызметінен.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2019
Маңғыстауда 100-ге жуық ұстаз «Кәсіпкерлік негіздері» пәнінің әдістемесін үйренді
1 қыркүйектен бастап «Кәсіпкерлік негіздері» пәні Маңғыстаудағы барлық мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарында оқытыла бастайды. Облыстың 100-ге жуық ұстазы осы бағытта курстан өтіп, жаңа пәнді оқыту әдістемесін үйреніп жатыр. Мәселен, Ақтаудағы АТ лицейге 10-сынып оқушыларына арналған пәнді үйретуші 60 педагог жиналды.