Қоғам • 26 Қыркүйек, 2025
Орталық Азияның көшбасшы әйелдері Алматыда бас қосты
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «BeWoman Asia» форумына 20 елден жүзден астам қатысушы жиналды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Қыркүйек, 2025
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, бүгін еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райы күтіледі. Сондай-ақ аймақтарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 26 Қыркүйек, 2025
«Болмысымның бөлекше, тіпті біртүрлі қасиеті бар: бейтаныс адамдар мені жаңа ғана бір жерде көргендей әсерде жүреді». Бұл неміс барлауында жүрген Сергей Исаевтың яки Штирлицтің Юлиан Семенов жазған «Көктемнің он жеті сәті» романындағы лепесі. Расында қылмыс айналасында жүрген адамның қашанда келбеті күңгірт, әрекеті үстірт. Ал ол көркем шығарма кеңістігіне түскен кезде болмысы тіптен күрделеніп, дамыған драматизм арқылы оқырманды оқиға желісіне тартып отырады. Жазушы Алпамыс Бектұрғановтың «Шеф» атты романы да қазақ детектив жанрына қосылған жаңа туынды.
Экономика • 26 Қыркүйек, 2025
«Кең дала 2» бағдарламасы қазанда басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен қаржы институттарының алдына көктемгі егіс жұмыстарын уақытында қолға алу туралы міндет қойған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында шаруаларды алдан ала қаржыландыруға бағытталған «Кең дала 2» бағдарламасы 1 қазанда басталады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 26 Қыркүйек, 2025
Елімізде халықаралық деңгейдегі 24 қонақ үй бой көтереді
Елімізде әлемге танымал қонақ үй желілерінің саны артады. Алдағы жылдары Қазақстанның 11 өңірі мен қаласында халықаралық деңгейдегі 24 жаңа қонақ үй ашу жоспарланған. Жобалар жеке инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.