Оқиға • 26 Қыркүйек, 2025
Ержан Қазыхан жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 26 Қыркүйек, 2025
«Almaty Superski» – жаңа тыныс
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен «Kazakh Tourism Development Ltd.» компаниясының директорлар кеңесінде «Almaty Superski» жобасының жаңартылған жоспары мақұлданды.
Үкімет • 26 Қыркүйек, 2025
Электрондық сауда заңмен реттеледі
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен кезекті палата отырысы өтіп, онда сенаторлар электрондық сауда мәселелері туралы заңды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.
Пікір • 26 Қыркүйек, 2025
«Үкімет қазынасы» жобасын қолға алу маңызды
Кейінгі үш-төрт жыл көлемінде Мемлекет басшысы межелеген стратегиялық тапсырмаларды іске асыру жолында бірқатар батыл реформа жасалды. Біршама жетістікке де қол жеткіздік. Дегенмен халықтың тұрмыс сапасы экономика қуатымен сәйкес келмей тұрғаны баршамызға белгілі. Осы ретте нақты шешу жолдарын көрсете алатын ілкімді жобалар ұсынбақпын.
Құрылыс • 26 Қыркүйек, 2025
«Бақты – Аягөз» теміржол желісі қашан аяқталады?
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елдегі көлік-логистиканы одан әрі дамыту керектігін айта келіп: «Үкімет «Бақты – Аягөз», «Қызылжар – Мойынты» жобаларын уақтылы жүзеге асыруға тиіс. Себебі аталған жобалар еліміздегі теміржол жүйесінің толық қаңқасын қалыптастырады», деп қадап айтқан. 2023 жылы басталған жоба 2025 жылы мәресіне жетуге тиіс еді. Президенттің «жобаларды уақтылы аяқтауға» айрықша мән беруінің де төркіні осыдан туындаса керек.