Таным • 03 Қыркүйек, 2025
Білім-ғылым жолы – ең ізгі, ең бағалы жол. Ежелгі Шығыс кітабы «Кәлила мен Димнәда» ғылым жолындағыларды сыйламаған адамды тоғышарға жатқызады.
Шымкент • 03 Қыркүйек, 2025
Биыл ел Конституциясының қабылданғанына – 30 жыл. Осынау даталы күнге орай Шымкент қаласының «Қызғалдақ» сарайында «Ата заңым – айбыным» атты мерекелік кеш өтті. Оған мәслихат депутаттары, жергілікті әкімдік қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, жастар мен қала қонақтары қатысты. Салтанатты жиын ту көтеру рәсімімен басталды. Еліміздің гимні шырқалып, патриоттық рух асқақтады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сахна төріне көтеріліп, жиналған көпшілікті Конституция күнімен құттықтап, бүгінге дейін жеткен жетістіктер туралы баяндады.
Шымкент • 03 Қыркүйек, 2025
1 қыркүйек – Білім күні мерекесінде Шымкентте бірнеше мектептің ашылу салтанаты өтті. Солардың ішінде қаланың Қаратау ауданы әкімдігіне қарасты Таскен тұрғын алабындағы №151 жалпы орта мектебін ерекше атауға болады. Бұл білім ошағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп, жаңа оқу жылында пайдалануға берілді.
Ғалам ғажаптары • 03 Қыркүйек, 2025
Қазан қаласында «аспан тракторы» деп аталатын агродрон сынақтан өтіп, көпшілікті таңғалдырды. Кәдімгі доңғалақты техникалар батпаққа батып жүре алмай жатқанда, бұл дрон жаңбырдан кейін де еркін ұшып, егістікті емін-еркін өңдей береді.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Ауыл тұрғындары алысқа сабылмайды
Алматы облысы, Іле ауданына қарасты 2 мыңға жуық тұрғыны бар Көктерек ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұған дейін ауыл тұрғындары қарапайым тексерулер үшін аудан орталығына баруға мәжбүр болып келсе, енді алғашқы медициналық көмекті өз ауылынан-ақ ала алады.