Сұхбат • 26 Қыркүйек, 2025
Аманжан Жамалов: Цифрлық стратегияны сауатты жүзеге асыруымыз керек
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған толғақты мәселелерге орай экономика ғылымдарының докторы Аманжан Жамаловпен сұхбаттасқан едік. Маманның сөзінше, Президенттің Жолдауда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы тапсырмасы, цифрландырудың ел дамуының стратегиясына айналатынын көрсетеді. «Сондай-ақ министрдің вице-премьер деңгейінде жұмыс істеуі мемлекеттің бұл бағытқа қаншалықты назар аударып отырғанын аңғартады. Еліміз технологияларды пайдаланушы қалыбынан шығып, өзіндік цифрлық шешімдер жасау тарапына қарай бетбұрыс жасағалы отыр», дейді ол.
Шаруашылық • 26 Қыркүйек, 2025
1993 жылы құрылған «Агрофирма Приречное» кәсіпорны мал және өсімдік шаруашылығын қатар дамытып келеді. Қазір 3 мыңнан аса ірі қара бар. Соның ішінде, қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл тұқымы және етті, сүтті сиырлар өсіріледі. 110 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жаңасемей ауданының Приречное ауылында орналасқан шаруашылықтың егістік жер көлемі – 6 793 гектар. Биыл 1 787 гектарға картоп, көкөніс және мал азығына қажет дақылдар егілген. Өнім сыйымдылығы 14 мың тонна болатын 7 қоймада сақталады.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Қарағанды қысқы маусымға ерте қамданды. Өңірдегі көмір саудасы 55 нүктеде жүріп жатыр. Оның 41-і теміржол тұйығында болса, 14-і қойма ішінде орналасқан. Облыс қоймаларындағы қор – 29 мың тонна, оның ішінде 11 мың тоннасы Қарағанды қаласында өндіріледі.
Өндіріс • 26 Қыркүйек, 2025
Биыл Шортанды ауданының экономикасына 5 млрд теңгеден астам инвестиция құйылыпты. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 85 пайызға жоғары. Мол қаржы аудандағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартып, шағын және орта бизнестің дамуына да септесті. Бозайғыр ауылындағы «Бозайғыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келесі айдан бастап нарыққа сапалы кірпіш ұсынады. Кірпіш болғанда да кәдімгі көз үйренген, күйдірілген кірпіш қана емес, еуростандартқа сай кірпіш.
Сұхбат • 26 Қыркүйек, 2025
Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ: Тілдің болашағын технологиялық кеңістіктегі орны айқындайды
– «Қазақ тілі» қоғамының тізгінін ұстағаныңызға үш жылға жуық уақыт өтіпті. Осы аралықта қоғам өмірінде қандай тың бетбұрыс пен бастама қолға алынды?