Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Талдықорған қаласы жыл сайын көркейіп, жаңарып келеді. Қала күні қарсаңында тұрғындарға ерекше тарту жасалып, «Құлагер» шағын ауданында аумағы 1,2 гектар болатын жаңа саябақ пайдалануға берілді. Бұл – «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асқан маңызды жоба.
Ғалам ғажаптары • 26 Қыркүйек, 2025
Мэн университетінің ғалымдары қазіргі заманғы адамзат эволюциясының бағыты өзгеріп жатқанын айтады. Олардың пікірінше, бүгінде адамның дамуы мен өзгеруіне әсер ететін басты күш – биологиялық гендер емес, мәдениет.
Жәдігер • 26 Қыркүйек, 2025
Торғайдағы музейлер кешенінде кезінде Міржақып Дулатұлының отбасы тұтынған, алаш ардақтысының өзі ұстаған бірсыпыра бұйымдар, 1914 жылы Қазан қаласынан екінші рет басылып шыққан «Бақытсыз Жамал» романының, 1913 жылы Орынборда жарық көрген «Азамат» жинағының түпнұсқасы, өзге де көптеген құнды дүние сақтаулы.
Ең қысқа әңгіме • 26 Қыркүйек, 2025
Пойызға отырдық. Жолаушы көршілерім орындарына жайғасып жатыр. Әлі екі орын бос. Міне, олардың да иелері келді. Бірі – бойы тым пәкене, иығы қушиыңқыраған. Реңі әжептәуір. Қой көзі ойнақшыған, жүзі жылы, шашы тықыр, жас шамасы қырықтан едәуір асқан жігіт. Екіншісі – ұзын бойлы, мойны жуан, иықты, аяқ-қолы балғадай, ұзын етек көйлек киген, басына қызғылтсары, жылтырақты орамал тартқан, сығырайыңқыраған қара көзді, жалпая біткен мұрны дөңгелек жүзіне жарасыңқы, маңдайы кең, сыртқы пошымы егер еркекше киінсе ер-азаматқа ұқсап қалары даусыз, жасы әлгі жігітпен қарайлас қарапайым келіншек. Бойларына қарап ерлі-зайыптыға ұқсатпадым. Бұлардың сөмкелерін көтерісіп, шығарып салуға келген бойлары теректей, жаурындары қақпақтай екі бозбала олармен құшақтаса қоштасты да, бізге де сәтті сапар тілеп шығып кетті.
Есірткі • 26 Қыркүйек, 2025
Атырауда ҰҚК қызметкері ұсталды
Атырауда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне қылмыстық іс қозғалды. Оның ұсталғанын ҰҚК растады, деп хабарлайды Egemen.kz.