Спорт • 26 Қыркүйек, 2018
Рухы мықты отандастар елге оралды
«BLIND RACE ASTANA – PARIS» құрлықаралық веломарафонына қатысушылар Қазақстанға оралды. «Спортта шекара жоқ» деген ұранмен өткен бұл іс-шараға көзі мүлдем көрмейтін және нашар көретін спортшылар қатысты. Олар еріктілермен бірге Астанадан Парижге дейінгі 5 мың шақырым жолды велосипедпен жүріп өтті.
Үкімет • 26 Қыркүйек, 2018
Түйткілді мәселелердің түйіні тарқайды
Қазір елімізде егін жинау науқаны қызған шақ. Алтын астықты дер шағында жинап алудың маңызы зор. Осыған байланысты Үкімет басшысы кешегі селекторлық отырыста Ауыл шаруашылығы министрлігіне жұмысты жеделдетіп, тиісті шараларды қолға алуды тапсырды. Сондай-ақ қант тапшылығына қатысты түйткілдің де түйінін тарқатуға тырысты. «Тәтті» төңірегіндегі ахуал Премьер-Министрге баяндалды. Ал жиында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша жергілікті полиция қызметінің жұмысын жетілдіру, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру жайы талқыланды.
Медицина • 26 Қыркүйек, 2018
Студенттің мұңы – жатақхананың жыры
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырған болатын. Осы бастамаға орай Ақмола облысында барлығы 2870 орынды қамтитын 11 жатақхана салу жоспарлануда. Әйтсе де оған дейін жатақхананың жыры студенттердің айықпас мұңына айналып тұрған жайы бар.
Медицина • 26 Қыркүйек, 2018
Іскер әйелдер отбасын да, Отанын да өрге сүйреп жүр
Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 40 проценттен астамын нәзік жандылар басқарады. Ал жалпы жұмыс істейтін әйелдер үлесі бойынша Қазақстан әлемде Қытайдан кейінгі екінші орында екен. Яғни, еліміздегі еңбек күшінің едәуір бөлігі арулардың еншісінде деген сөз.
Медицина • 26 Қыркүйек, 2018
Ұлттық кардиохирургияда жүрек донорының тапшылығы қалай шешімін тауып жатыр?
Еліміздегі Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының трансплантация бойынша күту парағында кезекте тұрған науқастың саны – 100. Бірақ жүрек трансплантациясын қажет ететін науқастардың саны іс жүзінде 300-ге дейін жетуі мүмкін дейді мамандар.