Кино • 25 Қыркүйек, 2018
«Оралман» фильмі – ұлттық кинематография қорына олжа болып қосылған үздік туынды! Almaty Film Festival кинофестивалінің жабылу салтанатында табыс етілген ұлттық «Тұлпар» жүлдесінің алты аталымы бойынша жеңімпаз атанған туынды бұған дейін де бірнеше байқауда топ жарған болатын.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2018
Біраз уақыт бұрын мәлім болғандай, «Хабар» агенттігі «Junior Eurovision – 2018» халықаралық ән байқауына қатысу үшін үміткерлер арасында республикалық іріктеу өткізген болатын. Осыған орай қыркүйек айының алғашқы аптасында іріктеудің бірінші кезеңінен өткен он финалистің есімі анықталғаны белгілі. Соңғы кезенде «Аялаған Астана − 2015», «Голос. Дiти», «Надежды Европы», «BraVo», т.б. отандық және халықаралық байқаулардың жүлдегері Данэлия Төлешова да бағын сынап, 946 дауыспен үздік шықты. Ендігі кезекте Данэлия биыл Минскіде өтетін «Junior Eurovision – 2018» байқауында еліміздің атынан ән шырқайды. Төмендегі шағын сұхбатында Данэлия іріктеу кезеңі барысындағы сәттерімен бөліскен еді.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2018
Әкімдіктер жергілікті полиция құрамының сапасын арттыру қажет - Қ.Қасымов
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар мен жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндады.
Үкімет • 25 Қыркүйек, 2018
Бақытжан Сағынтаев әкімдерге тапсырма берді
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жергілікті полиция қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі баяндамасы, сондай-ақ, жергілікті полиция қызметінің басшылығына міндеттер жүктеп, тағайындау өкілеттігі бар әкімдердің есептері тыңдалды.
Тарих • 25 Қыркүйек, 2018
Халел Хаббасовтың інісі болғаны үшін әкем көп қуғын көрді
Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның орынбасары, Семейде жарық көрген «Абай» журналының қаржылай демеушісі, «Сарыарқа» газетінің шығарушы редакторы, Алашорда үкіметінің атынан Сталинмен Қазақ автономиясы жөнінде келіссөз жүргізген алаш ардақтысы Халел Ғаббасовтың немере інісінің бар екені, оның Үржар ауданында тұратыны туралы жақында әйгілі әнші Әміре Қашаубаевтың туған жері – Ақбұлақта өткен мерейтойы кезінде естідім. Қазақтың әншілік өнерін ең алғаш әлемге танытқан тұлғаның 130 жылдығында құттықтау сөз сөйлеген этнограф, әдебиет зерттеушісі, шежіреші, жазушы Ақселеу Сейдімбековтің туған інісі Асылхан ағамыз Ақбұлақ ауылында Әміре ғана емес, Халел Ғаббасовтың да дүниеге келгенін айтып, қайраткердің жақын туысы, немере інісі Берікбол Баязитов Үржардың Қарақол ауылында тұрып жатқанын, ол кісіні белгілі ғалым, алаштанушы Дихан Қамзабекұлының іздеп тапқанын жеткізген-ді. Сол жерде бірден Асылхан Сейдімбековке жолығып, Қарақолдағы асылдың сынығының телефонын жазып алдым.