Үкімет • 26 Қыркүйек, 2023
Қазақстанда 10 мың трактор, 1000 шақты комбайн шығаруға мүмкіндік бар
Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесі қарсаңында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Қыркүйек, 2023
Петропавлда өртенген үйден үш адамның мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 қыркүйекте сағат 21:35-те Петропавлда Волочаевская көшесі, 113 мекенжайы бойынша өрт сөндірушілерге хабар түскен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2023
Нұрсұлтан Сағатбек: Ауылдың қоңыртөбел тіршілігін қаланың қайнаған қарбаласына айырбастамас едім
Олар күнделікті таң алакеуімнен ұйқысынан тұрып тіршіліктің талқысына араласып кетеді. Ұйқым шала деп жата беру, талтүсте ояну түсінігі олар үшін мүлде қисынсыз. Себебі малды ауылдың шаруасы шаш-етектен. Уақытында қимылдамасаң атқарған ісіңнің берекесі қашады. Нұрсұлтанның жасы 27-де. Атасынан әкесіне, одан өзіне бұйырған шопанның ақ таяғын қабыл алып, аманатты арқалап келе жатыр. Білдей бір шаруа қожалықтың қым-қуыт тіршілігін шашау шығармай ұйымдастырып, ілгері бастыру осы жігіттің жауапкершілігінде.
Үкімет • 26 Қыркүйек, 2023
Президент Жолдауының орындалу барысы талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 26 Қыркүйек, 2023
Сенат депутаты Асқар Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды
Парламент Сенатының депутаты Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.