Қоғам • 26 Қыркүйек, 2025
«Қазақстан халқына» қоры құрылғалы бері Алматы облысының тұрғындарына жалпы сомасы 10,7 млрд теңге шамасында қайырымдылық көмегін көрсетті. Өңірде 21 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Президент тапсырмасына сай қор қаражатын кәдеге жаратып жатқан мекемелерде жұмыс қарқынды жүргізіліп, қарапайым халық игілігін көріп отыр.
Шаруашылық • 26 Қыркүйек, 2025
Қызылжар өңірінің диқандары биылғы орақта тамаша нәтижеге жетіп отыр. Кейбір озық шаруашылықтар арпаны гектарынан 40,5, бидайды 41,5 центнерден алған. Мәселен, жылына 10 мың гектар жерге егін салатын «Новомихайловский-2003» ЖШС басшылығының айтуынша, мұндай жетістікке барлық агротехникалық шараны жіті атқарғандықтан жеткен.
Ғалам ғажаптары • 26 Қыркүйек, 2025
Фастфуд санаулы күн ішінде ми қызметін нашарлатады. АҚШ-та жүргізілген зерттеулер фастфудтың адамның есте сақтау қабілеті мен ойлау жүйесіне кері әсер ететінін көрсетті.
Тарих • 26 Қыркүйек, 2025
Индер ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев аялдаған төбе бар. Аудан орталығы – Индербор кентінен шығысқа қарай 8 шақырым қашықтықта орналасқан дөңестің бұрынғы атауы «Оңдасын жалы» болған.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Талдықорған қаласы жыл сайын көркейіп, жаңарып келеді. Қала күні қарсаңында тұрғындарға ерекше тарту жасалып, «Құлагер» шағын ауданында аумағы 1,2 гектар болатын жаңа саябақ пайдалануға берілді. Бұл – «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асқан маңызды жоба.