Заң • 24 Қыркүйек, 2025
Жаңа Салық кодексі бизнеске әкімшілік жүктемені азайтады
Арнайы салық режимімен жұмыс істеуге мүмкіндік алатын, сондай-ақ бұл жеңілдік берілмейтін кәсіпкерлік қызмет түрлерінің алдын ала тізбелері аптаның соңына дейін «Ашық НҚА» порталында жарияланады. Алдын ала бағалаулар бойынша жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі елдегі барлық салық төлеушілердің шамамен 70%-ына қолданылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанадағы жаңа Салық кодексін түсіндіру жөніндегі семинарда мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда 82 жетім бала мен жүздеген мұқтаж жанға пәтер берілді
Қарағанды облысында прокуратураның араласуымен ұзақ уақыт бойы кезекте тұрған 298 азамат баспаналы болды. Оның ішінде 82 пәтерді жетім балалар иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 10 жылдан асқан көліктерге салынатын салық төмендетіледі
Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, жаңа Салық кодексінде азаматтар мен бизнес үшін бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған. Солардың ішінде көлік иелеріне пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан автокөліктерге салынатын салық мөлшері төмендетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 24 Қыркүйек, 2025
ТМД елдері қаржылық барлау орталығын құрады
Мәжіліс қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау халықаралық орталығын құру туралы келісімді ратификациялады. Бұл құжатқа 2023 жылғы 13 қазанда Бішкек қаласында қол қойылған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2025
Кәсіпкерлердің басым бөлігі үшін жеңілдетілген салық режимі сақталады - Серік Жұманғарин
Елордада 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне арналған республикалық семинарлардың қорытынды кездесуі өтті. Іс-шараға Үкімет мүшелері, оның ішінде Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қаржы министрі Мәди Такиев, Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.