Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
«Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2017 жылдың 16 қазанына дейін ұзартылды. Бұл туралы ОКҚ-да «Болашақ» стипендиясының конкурстық іріктеуінің жаңа кезеңі туралы баспаөз мәслихатын өткізген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті Мейіржан Алпысбай мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017
Оңтүстіктегі тілдер мерекесі этностардың бірлігін паш етті
Оңтүстік Қазақстаноблысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік шара өтті. Іс-шара аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының және облыс аумағында әрекет ететін тілдерді оқыту орталықтарының көрмесі ұйымдастырылды.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017
БҚО-да екі тұрғын 47 шақырымды төрт сағатта жүгіріп өтті
Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданына қарасты Бостандық ауылында тұратын Еділжан Қосболов пен Мержан Серіков Қараөзен мен Сарыөзен арасын (47 шақырым) 4 сағат ішінде жүгіріп өтіп, ауылдастарының қошеметіне бөленді.
Әлем • 22 Қыркүйек, 2017
АИТВ-ның алдын алатын антидене жасалды
Ғалымдар АИТВ-ға 99% қарсы тұрып, оның таралуына жол бермейтін антидене ойлап тапты, деп хабарлайды ВВС.
Білім • 22 Қыркүйек, 2017
Елімізде ақылы оқуға түскісі келетіндер ҰБТ-дан босатылуы мүмкін
Қазақстанда ақылы оқуға түскісі келген талапкерлерді ұлттық бірыңғай тестілеуден босату мәселесі талқылануда. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.