Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
Елімізге әйгілі сумошы Хакухо Сё келді. Оның азан шақырып қойған аты – Мұңхбатын Даваажаргал. Моңғолдың алыбы осы спорт түрі тарихындағы ең атақты балуан, 69-ёкодзуна. Спорттық мансабында Хакухо 45 чемпиондық тәжге ие болды. Осыдан төрт жыл бұрын, 36 жасында мансабын аяқтағаннан кейін Жапония азаматтығын алып, «Миягино-бэя» сумо мектебінің тізгінін ұстады. Астанада Хакухо Сё еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшыларымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселені талқылады. Бүгінде әлемде сумоның 85 ұлттық федерациясы жұмыс істейді.
Басылым • 25 Қыркүйек, 2025
Белгілі журналист Оңдасын Елубайдың «Көзден кетсе де...» деп аталатын кітабы жарық көрді. Ұзақ жыл «Egemen Qazaqstan» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болған қаламгер бұл еңбегіне замандастары туралы ой толғамдарын топтастырған.
Теннис • 25 Қыркүйек, 2025
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP 250 турнирі еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бубликтің жеңісімен аяқталды.
Жәдігер • 25 Қыркүйек, 2025
Осыдан 140 жыл бұрын, 1885 жылы Абай Құнанбайұлының Семейдегі орыс достарының бірі Нифонт Долгополов жаз айларында ақынның ауылына барып, екі айдай қонақ болады. Қайтып келген соң ол Семейдегі өлкетану музейіне Абай ауылынан әкелінген қазақтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты елуден астам зат тапсырыпты.
Ұлттық спорт • 25 Қыркүйек, 2025
«Ақ бидай» спорттық ойындары аяқталды
Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» VIII республикалық ауыл спорт ойындары мәреге жетті. Жарысқа 17 команда, 2000-нан астам спортшы қатысты. 20-дан астам олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлерін қамтыған іс-шара Қонаев қаласы мен Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарында өтті.