Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2017
Астанада 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Астана әкімшілігінде қала әкімі Әсет Исекешевпен елорданың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері баяндалған Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының отырысы өтті.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2017
Мемлекет басшысына Наурызбай ауданының дамуы баяндалды
Елбасы Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Театр • 20 Қыркүйек, 2017
«Астана Опера» балет труппасы Оман сұлтандығына жол тартты
«Астана Опера» балет труппасы Маскат қаласындағы (Оман) Корольдік опера театрының сахнасында П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» спектаклінің премьерасын ұсынбақ. Жаңа хореографиялық редакцияның авторы – балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2017
Мақтаралда мақта терімі басталды
Бүгін Мақтарал ауданында «Ақкеруен-2017» мақта терімінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік шарада ақ алтын бағасы қойылып, мақтаны қабылдау бекеттері алғашқы өнімді тоннасын 165 мың теңгеден қабылдай бастады.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2017
Сенат комитеті Қазақстан мен Сербия келісімін ратификациялау туралы заң жобасын қарады
Президент Н.Назарбаевтың Сербияға жасаған сапары барысында Қазақстан мен Сербияның құқықтық мәселелер жөніндегі 2016 жылғы 24 тамызда Белградта жасалған шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.