Қоғам • 30 Қыркүйек, 2024
«Жастық шақта бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» дейді халқымыз. Үлкенге құрмет, қарттарды сыйлау, қария келсе құрақ ұшып, қос қолдап амандасу, дастарқан басында төрге оздырып, бата сұрау – халқымыздың асыл дәстүрі. Бүгінгі игіліктің бәрі сол ақ сақалды, ақ жаулықты ата-әжелеріміздің қапысыз қажыр-қайраты, ерен еңбегімен жасалған.
Өнер • 30 Қыркүйек, 2024
Өткен аптада Шымкент қалалық опера және балет театрының сахнасында «Астана операның» көптен күткен гастрольдік кеші өтті. Елордалық труппа ел композиторларының туындыларымен қатар, әлемдік опера жауһарларына толы бағдарламасын ұсынды. Айта кетейік, өнер ұжымының гастрольдік сапары Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп отыр.
Кәсіпқой бокс • 30 Қыркүйек, 2024
Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде Данияр Елеусінов пен филиппиндік Джо Нойнай жұдырықтасты. Олар жартылай орта салмақтың WBC Peace нұсқасында алтын белбеуді сарапқа салды.
Егемен Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2024
Ұлт саулығын нығайтуға үлес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдағы атқарылатын жұмыстардың нақты бағыттарын белгілеп берді. Соның алтыншы бағытында Президент ұлт саулығын нығайту үшін кешенді іс-шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керектігін міндет етеді. Осы орайда халыққа қолынан келгенінше қызмет етіп келе жатқан жеке кәсіпкерлерге ерекше назар аударып, нақты қолдау көрсеткен орынды деп санаймыз.
Референдум • 30 Қыркүйек, 2024
Ғалиасқар Сарыбаев: Референдум – энергетикалық секторымыздың болашағын таңдаудың басты мүмкіндігі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, АЭС салу жөніндегі республикалық халықтық штабтың мүшесі Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысындағы Талдықорған мен Текелі қалалары және Көксу мен Қаратал аудандарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қатысушылар азаматтардың атом электр станциясының құрылысына қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.