Су тасқыны • 27 Наурыз, 2026
Абай облысының Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті аудандары су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарында. Облыс әкімі Берік Уәлидің Аягөзге жұмыс сапары барысында алдымен су басу қаупі бар жерлердің дайындығы пысықталды. Мәселен, Аягөз қаласындағы «Қуаныш» шағын ауданындағы көшелердің бірінде жерасты суының көтерілуі байқалған. Осыған орай аймақ басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін бірінші орынға қоюды, су жиналуының алдын алу іс-шараларын күшейтуді тапсырды.
Әдебиет • 27 Наурыз, 2026
Әсілінде өлім ақиқат болғанымен, оны тіршілік иесі әрқилы қабылдаса керек. Тағдырдың таусылмас тауқыметке толы бұралаң жолы ақындардың да өзегін ащы өксіктей тілгілейтіні даусыз. Тіршілігінде қара өлеңнің қайнарынан қанып ішкен сөз зергерлері де өлеңге өлім күйін енгізіп, жүрегіне ауыр жүк артқанын олардың есті поэзиясынан аңғарамыз. Әрине, әркімнің тағдыры әрқилы ғой.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2026
Шетелдік туристерге арналған ойын бизнесі аймақтары Марқакөл мен Зайсан аудандарында құрылуы мүмкін дегенді естіген елдің пікірі сан-саққа жүгірген. Десе де, қазір бұл жоба мемлекеттік деңгейде талқыланып, казино тұрғызатын орындар қарастырылып жатыр. Ендігі сұрақ: құмар ойын-сауық орталығы ашылған жағдайда өңір экономикасына, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайына тигізер әсері қалай болар екен?
Аймақтар • 27 Наурыз, 2026
Ақтөбе облысы биыл су тасқыны қаупі орташа деңгейдегі өңірдің қатарына енді. Оған қыста түскен қардың аздығы, жердегі тоңның жұқалығы сынды бірнеше себеп бар.
Ғалам ғажаптары • 27 Наурыз, 2026
Польшалық теңізші Кристина Хойновска-Лискевич – дүниежүзін кемемен жалғыз өзі айналып шыққан тұңғыш әйел. Ол бұл сапарын 1976 жылы бастап, екі жылға жуық уақыттан кейін мәресіне жетті.