Көрме • 27 Наурыз, 2026
Әр жолы Наурыз мерекесіне арналған сурет көрмелеріне бара қалсақ, жанымызға жылы ұшырайтын бір шығармамен жүздесеміз. Ол – қазақ бейнелеу өнерінің көркем шежіресіне енген дәулетияр дарын иесі Айша Ғалымбаеваның «Дастарқан» деп аталған туындысы. Бұл картинаға көз суарған көрермен өзін бір сәтке қазақы шаңырақтың төріне енгендей сезінеді.
Әдебиет • 27 Наурыз, 2026
«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім
Кейінгі жылдары елімізде адам жанын түршіктіретін қаншама шетін оқиғалар болды. Әлеуметтік желіні ақтарсаңыз болды, көпқабатты үйдің терезесінен сәбиін лақтырған ана, атасын тепкілеген бала, шешесінен безінген қыз хақында қаңғырған ақпараттарға кезігіп жаныңыз түршігеді.
Өнер • 27 Наурыз, 2026
Әйгілі актриса Фаина Раневская бір сөзінде: «Мен бәрінен де адамның бойындағы талантты жақсы көремін. Бірақ дарынсыздар да жетіп артылады. Мен «ойнау» деген сөзді түсінбеймін, тіпті мойындамаймын да. Балалар ойнасын, музыканттар ойнасын. Ал актер сахнада ғұмыр кешуі керек» деген еді. Бұл – актерлік өнерге қойылған ең қатал әрі ең әділ талаптардың бірі. Осы сөзді бүгінгі сахнамен салыстыра қарасақ, мәселе таланттың бар-жоғында емес, сол таланттың қандай тереңдікке жетіп жатқанында екені анық байқалады.
Әдебиет • 27 Наурыз, 2026
Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті
Желдей ескен әлеуметтік желіде не жоқ дейсіз. Баяғыда қалаға базаршылап кеткен үлкендер «адамның жанынан басқаның бәрі бар екен» деп келетін.
Тұлға • 27 Наурыз, 2026
Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген
Арна жағалағандағы арман Біз тұратын Тұздыбастау ауылын Үлкен Алматы арнасы қақ жарып өтеді. Ауылға кіре бергенде және шыға бергенде табаны мен екі жағы шегенделген, ал ауылдың ортасында төбесі тұтасымен жабылған. Бір көше үстімен созылып және бірнеше көше көлденең қиып өтеді. Қазақстандағы құрылыс инженериясының бір жетістігі осындай еді.