Оқиға • 23 Сәуір, 2024
Ақмолалық құтқарушылар отқа оранған қоймадан итті алып шықты
Кеше, 22 сәуірде Заводская кентіндегі «Сантик» ЖШС ұйымының аумағында қойма өртеніп, жалын 500 шаршы метрді шарпыды. Тілсіз жау 2 сағаттың ішінде жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Өңірді су басып жатыр: құтқарушылар СҚО тұрғындарын эвакуациялады
Кеше, 9 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды белсенді көшіру жұмыстары жүргізілді. ТЖМ күштері зардап шеккен азаматтардың үй жануарларын да қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Майқайыңдағы құтқарушылардың туыстары: Тірі дейін десем – үйде жоқ, өлі дейін десем – бейіті жоқ
Майқайың кенішінде құлаған автобуста қалған екі адамның туыстары көмек сұрап, Астанаға барды. Апаттың болғанына үш айға жуықтаса да, құтқарушы мен автобус жүргізушісінің мәйіті әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Маңғыстаулық құтқарушылар – Ақтөбеде
Су тасқынынан сергелдеңге түскен тұрғындарға көмек беру үшін Маңғыстаудан құтқарушылар көмекке аттанды. Ақтөбе облысы аумағына бара сала іске кірісккен маңғыстаулық құтқарушы мамандар мотопомпа арқылы суды сорып, құм дорбаларынан бөгеттер салып жатыр.
Құтқарушы • 02 Сәуір, 2024
Жетісулық құтқарушылардың жәрдемі
Жетісулық төтенше жағдай департаменті күштері мен құралдары Абай облысындағы су тасқынына қарсы күресу үшін көмекке кетті. Бүгінде 23 құтқарушы, 6 бірлік техника, 4 жүзу құралы мен 8 мотопомпа жұмылдырылған. Олар көрші өңірде топан су кезінде жоғалған адамдарды іздестіріп жатыр.