Қоғам • 30 Наурыз, 2026
Цифрлық теңге – инвестициялық құрал емес: Ұлттық банк азаматтарға ескерту жасады
Ұлттық банк азаматтарды цифрлық теңгеге байланысты таралған жалған инвестициялық ұсыныстардан сақ болуға шақырды. Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде жалған жарнамалар арқылы азаматтарды алдау фактілері жиілеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Наурыз, 2026
Көші-қон заңнамасын бұзған 121 шетелдік елден шығарылды
Қоғамдық тәртіпті сақтау және көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында республика аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 7 мыңнан астам шетел азаматтары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Наурыз, 2026
Рамзан Қадыров Шешенстанда төтенше жағдай режимін жариялады
Шешенстанда толассыз жауған жаңбыр соңы ірі су тасқынына ұласты. Нөсерден кейін қала көшелерін су басып, кей аудандарда үйлердің ішіне дейін кірген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2026
Ұлытау облысының әкімдігі Қытайда өңіраралық ынтымақтастық орнатты
Сиань қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығының қолдауымен Ұлытау облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті. Жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу – өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қою және екі жақтың стратегиялық серіктестігін нығайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Наурыз, 2026
Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптылар Жамбыл облысынан табылды
Жамбыл облысында Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.