Ғылым • 27 Наурыз, 2026
Технология мен ғылымды тоғыстырған
Қазір ғылым мен білім саласында әлемдік деңгейде мойындалып жүрген қазақ жастары аз емес. Солардың бірі – инженерия докторы Гүлмира Хани. Бүгінде ол Бейжің қаласындағы беделді жоғары оқу орнының бірі – Солтүстік Қытай электр энергетика университетінің профессоры әрі докторанттардың ғылыми жетекшісі.
Ғылым • 27 Наурыз, 2026
Алматы Кремний алқабына айнала ма?
Бүгінде сарапшылар Алматы – Орталық Азияның технологиялық кәсіпкерлік орталығы ретіндегі өз ұстанымын күшейтіп жатыр деген пікір айтады. Болжам бойынша, оның аймақтық жалпы өнімдегі үлесі алдағы 4–5 жылда 5 пайызға жетуі мүмкін. Әсіресе сауда, қызмет көрсету моделінен алшақтап, технология мен адами капиталға баса көңіл бөліне бастады. Егер осы мақсатқа жетсе, іскерлік қаласы аймақтық инновациялық мәртебесін бекітіп, инвестиция тарту мүмкіндігін арттыра түспек.
Білім • 27 Наурыз, 2026
Осы күні таудай талабы бар жастар алынбайтын асудай көрінетін биіктерді бағындырып жүр. Соны көргенде кеудеңді қуаныш кернейді. Бойыңды мақтаныш сезімі билейді. Біз бүгін әлемнің маңдайалды оқу орны – Массачусетс технологиялық институтына (MIT) оқуға түскен озат оқушы туралы әңгімелемекпіз.
Жәдігер • 27 Наурыз, 2026
Ресей отаршылары қазақ жерін бөліске түсіріп, жергілікті халықты ығыстырып жатқанына шыдай алмаған Ағыбай батыр жер дауымен батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфортқа барып, наразылық білдіреді. Мұның Ресейге де қатер төндіретінін батыл айтады. Сөйткен соң екі жақ мәмілеге келген. Ағыбайға тәнті болған генерал-губернатор өзінің қылқалам шеберіне батырдың суретін салдырады. Осы бейнені қыр қазақтарының көсемі ретінде тіркетіп, Эрмитажға жөнелтеді.
Көрме • 27 Наурыз, 2026
Әр жолы Наурыз мерекесіне арналған сурет көрмелеріне бара қалсақ, жанымызға жылы ұшырайтын бір шығармамен жүздесеміз. Ол – қазақ бейнелеу өнерінің көркем шежіресіне енген дәулетияр дарын иесі Айша Ғалымбаеваның «Дастарқан» деп аталған туындысы. Бұл картинаға көз суарған көрермен өзін бір сәтке қазақы шаңырақтың төріне енгендей сезінеді.