Елорда • 09 Маусым, 2026
Астанада Тілендиев даңғылы ішінара жабылады
Қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан Баршын көшесіне дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 09 Маусым, 2026
Түркістанда ТМҰ елдері Білім министрлерінің ІХ отырысы өтті
Бүгін Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Білім министрлерінің ІХ отырысы өтті. Басқосуға салалық ведомстволардың басшылары, ТМҰ Хатшылығының өкілдері, сондай-ақ ұйымға мүше және бақылаушы мемлекеттердің делегациялары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 09 Маусым, 2026
9 маусым – арнайы мақсаттағы әскери бөлімшелер күні
Арнайы мақсаттағы бөлімшелер елдің күштік құрылымдарындағы элиталық топ саналады. Олар жоғары кәсіби даярлығымен, мінсіз машығымен және күрделі жағдайларда жедел шешім қабылдау қабілетімен ерекшеленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 09 Маусым, 2026
Үш жылдағы өзгеріс: Орман өрт сөндірушілерінің жалақысы екі есе өсті
Журналистер Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтен үш жыл бұрынғы «Семей орманы» аумағындағы ірі орман өртінен кейін қандай сабақ алынғанын және осы уақыт ішінде қандай өзгерістер болғанын сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2026
«Байқоңыр» ғарыш айлағы әлемдік деңгейдегі туристік орталыққа айналады
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Байқоңыр кешенінде туризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Құжат халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті туристік өнім қалыптастыруға және саланың тұрақты дамуына қажетті жағдай жасауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.