Тағайындау • 06 Қаңтар, 2026
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Қаңтар, 2026
2026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды: Президент жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Ел тұрғындары 2026 жылы неше күн демалады?
2026 жылы ұзақ демалыстар көп болады. Себебі мемлекеттік мерекелердің көбі аптаның бастапқы тұсына немесе соңына сәйкес келіп отыр. Ал ең көп демалыс күндері мамыр айында, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Қаңтар, 2026
БАҚ: Иранның рухани жетекшісі Мәскеуге қашуды жоспарлап отыр
Иранда экономикалық дағдарыс пен инфляция салдарынан туындаған қақтығыс басылмай тұр. The Times газеті елдегі қақтығыс күшейе түссе Иранның жоғарғы рухани және саяси жетекшісі Әли Хаменеи «Б» жоспарын әзірлеп жатыр деп мәлімдеді. Басылым дерегінше, наразылықты басу әрекеті сәтсіз болса Әли Хаменеи елден кетпек, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2026
Ақтөбеде шаруашылық 52 мың гектар жерді игеріп, 250 адамды жұмыспен қамтып отыр
Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барып, өңірдегі бірқатар аграрлық нысанды аралады. Іссапар аясында ол Қарғалы ауданындағы «Степное» ЖШС қызметімен де танысты. Мал және егін шаруашылығын қатар дамытып отырған бұл кәсіпорын ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге елеулі үлес қосып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.