Аймақтар • 01 Қаңтар, 2026
Айырқалпақты ағайындармен қоңсы орналасқан Қордай ауданына қарасты Бетқайнар ауылында ашылған жаңа үйірмеде балалар роботтехниканың қыр-сырына қанығып жүр. Ауыл оқушыларының ғылыми-техникалық танымын дамытуға және жаңа технологияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жоба өз жемісін беріп отыр. Ал үйірмеге келушілер саны уақыт өткен сайын арта түскен.
Президент • 01 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына Үндеуі
Құрметті әріптестер! 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді.
Digital • 01 Қаңтар, 2026
«Astana Hub»: заманауи жобалар
«Astana Hub» – кейінгі жылдары еліміздегі талай идеяға «қанат» бітіріп, стартап деген ұғымды жұртшылыққа жақындатқан орта. Жас кәсіпкер, инвестор, тәлімгер және ІТ мамандарының басын қосып, технологияны жай әңгіме емес, нақты өнімге айналдыратын осы алаң енді 2026 жылы да қарқынын бәсеңдетпек емес.
Таным • 01 Қаңтар, 2026
Мұқым қазақ қана емес, жер беті жабылып бір жылдың басын қақшып тастап, жаңа 2026 жылдың күнтізбелік парағына үмітпен көз жіберіп тұр.
Таным • 01 Қаңтар, 2026
Ғалам қақпасын ашып Жылқы жылы кірді. Қайырлы, құтты болсын! Атам қазақ жылқыны төрт түліктің төресі санаған. Атақты Ақтайлақ бидің «қымыз – қаным, жылқы – жаным» деген аталы сөзі бар. Сол сияқты дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров: «Жанына халқымыздың жылқы жаққан, Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан, Мінсең – ат, ішсең – қымыз, жесең – қазы, Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан» десе, қасиетті кітап Құранның «Ғадият» сүресінде «Тұяғынан от шашып, алқына шапқан, дүбірлетіп дүркіреп жауды жарып кірген аттарға серт» деген аят бар.