Мәдениет • 09 Маусым, 2026
Мәдениетке қамқорлық – мемлекет саясатының өзегі
Елімізде мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттікті нығайтуға, дарынды, отансүйгіш әрі білімді жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жүйелі реформалардың маңызды құрамдас бөлігіне айналып келеді. Жаңа Конституцияда тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі маңызды норма бекітілген. Бұл мәдениет саласын дамытуға айрықша мән үстеп, қолдауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындайды.
Ауа райы • 09 Маусым, 2026
«Қазгидромет» 9 маусымға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамын ұсынды. Астана мен еліміздің солтүстігінде дауыл, найзағай, бұршақ және аптап ыстық күтіледі, батыс өңірлерде жаңбыр жауады, деп хабаралйды Egemen.kz.
Форум • 09 Маусым, 2026
Экология – өндіріс үдерісінің ажырамас бөлігі
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Астанада «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның ұйымдастыруымен экологиялық форум өтті. Жиынға «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорындарының басшылары мен мамандары, өндірістік филиалдардың экологтары, салалық сарапшылар мен шақырылған спикерлер қатысты. Басқосудың негізгі тақырыбы – газ тасымалы саласында экологиялық жүктемені азайтудың тиімді жолдарын қарастыру және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын өндіріске енгізу болды.
Егемен Қазақстан • 09 Маусым, 2026
«Қазақ газеттері» серіктестігінде «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің бас редакторы, белгілі журналист Ғабит Іскендерұлы Мүсірептің 60 жасқа толған мерейлі белесіне арналған іс-шара өтті. Серіктестіктің бас директоры Дихан Қамзабекұлының төрағалығымен өткен алқалы жиынға Президент кеңесшісі Бауыржан Омаров пен Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Қуат Бораш, сондай-ақ бас басылымның ұжымы қатысты.
Экономика • 09 Маусым, 2026
Тақтатас мұнайы – жаңа энергетикалық дәуірге бастар жол
Жақында Шымкент қаласындағы Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінде мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, академик, геология-минералогия ғылымдарының докторы Шахмардан Есеновтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақстандағы геологиялық барлау ісінің даму эволюциясы: инновациялар мен перспективалар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.