Қоғам • 31 Желтоқсан, 2019
Көптен күткен тұрғын үй кешені берілді
Нұр-Сұлтанда проблемалы нысан саналатын «Комфорт De Luxe» тұрғын үй кешені қолданысқа берілді. 200-ден астам астаналық отбасыға пәтер кілті табысталды.
Спорт • 31 Желтоқсан, 2019
Қазақ спортындағы жыл үздіктері
Өтіп бара жатқан 2019 жылда Олимпия ойындары сияқты бәсі биік ірі жарыстар болмаса да әлемдік деңгейдегі чемпионаттар, құрлықтық біріншіліктер ұйымдастырылды. Былайша айтқанда, биыл Токио Олимпиадасы алдындағы дауылға дейінгі тыныштық жылы болды. Десе де осы жылы ел спортында елеулі жеңістер, толайым табыстар аз болған жоқ. Әр спортшы бабы мен бағы келгенше бәсекеге түсіп, ел қоржынына медаль салуға тырысып бақты. Осы орайда «Egemen Qazaqstan» газеті де спортшыларымыздың жеткен жетістіктерін саралап, үздіктерді анықтады.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2019
Кодекс дауы: халық неге күдіктенеді?
Соңғы кездері мессенджерлер арқылы Парламенттің қарауында жатқан «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекс жобасына қарсы петицияға қол қоюға шақырған мәлімдемелер жиі тарай бастады. Өйткені кодекс жобасындағы бірқатар мәселе көпшілікті алаңдатып отырса керек. Жұртшылықты алаңдатқан мәселелердің бірі – ағза донорлығы болып тұр. Түрлі қауесет те, әлеуметтік желілердегі айқай-шу да осы мәселе төңірегінен шықты.
Медицина • 31 Желтоқсан, 2019
Онкологиялық орталық мүмкіндігі
Шетел асып, ем іздемейсіз. Жуырда облыс орталығында ашылған Онкологиялық орталықтағы компьютерлі томография ағзаның бірнеше қабатынан өтіп, өте төмен сәулемен айқын көру мүмкіндігіне ие. Тұрғындар Корея, Израил, Германияға бармай-ақ, өңірде емделе алады. Жаңа технологиялар толық сәулелі терапияның нәтижесін үш күн ішінде алуға мүмкіндік береді. Рентген құрылғы, ота жүргізуге қажетті радиожиілікті абляция аппараты мен эндо-видеохирургиялық құрал-жабдықтар орнатылған.
Сұхбат • 31 Желтоқсан, 2019
Рауан Кенжеханұлы: Дамыған елдер, озық қоғамдар ең әуелі мазмұнымен алда
– Рауан Кенжеханұлы, «100 жаңа оқулық» жобасының бүгінге дейін жеткен жетістігі һәм болашаққа жоспарланған бағдары турасында айтып өтсеңіз. Соңғы бір жылда нақты қандай жұмыстар атқарылды?