Саясат • 09 Маусым, 2026
Ортақ мақсатқа жұмылуға шақырды
Астанада Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен партия Саяси кеңесінің отырысы өтті. Жиын қорытындысында мемлекеттегі барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерді Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында күш біріктіріп, жұмыла жұмыс істеуге шақырған мәлімдеме қабылданды.
Саясат • 09 Маусым, 2026
Елорда өңірлерге үлгі болуға тиіс
Премьер-министр Олжас Бектенов Астанадағы логистикалық орталық, медициналық бұйымдар өндіретін зауыт, нан-тоқаш, сүт пен ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда болып, Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту, АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.
Әлем • 09 Маусым, 2026
Пашинян партиясы жеңіске жетті
Өткен демалыста Арменияда парламент сайлауы өтті. Елдің Орталық сайлау комиссиясы қазіргі премьер-министр Никол Пашинянның партиясы жеңіске жеткенін хабарлады. «Азаматтық келісім» партиясы 49,8 пайыз дауыс жинады. Екінші орында 23,3 пайызбен ресейлік-армяндық бизнесмен Самвел Карапетян басқаратын «Күшті Армения» партиялар блогі тұр. Ал бұрынғы президент Роберт Кочарянның «Армения» партиясы 9,9 пайыз, «Гүлденген Армения» партиясы 4 пайыз дауысқа ие болды.
Мәдениет • 09 Маусым, 2026
Мәдениетке қамқорлық – мемлекет саясатының өзегі
Елімізде мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттікті нығайтуға, дарынды, отансүйгіш әрі білімді жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жүйелі реформалардың маңызды құрамдас бөлігіне айналып келеді. Жаңа Конституцияда тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі маңызды норма бекітілген. Бұл мәдениет саласын дамытуға айрықша мән үстеп, қолдауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындайды.
Ауа райы • 09 Маусым, 2026
«Қазгидромет» 9 маусымға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамын ұсынды. Астана мен еліміздің солтүстігінде дауыл, найзағай, бұршақ және аптап ыстық күтіледі, батыс өңірлерде жаңбыр жауады, деп хабаралйды Egemen.kz.