Форум • 09 Маусым, 2026
Экология – өндіріс үдерісінің ажырамас бөлігі
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Астанада «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның ұйымдастыруымен экологиялық форум өтті. Жиынға «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорындарының басшылары мен мамандары, өндірістік филиалдардың экологтары, салалық сарапшылар мен шақырылған спикерлер қатысты. Басқосудың негізгі тақырыбы – газ тасымалы саласында экологиялық жүктемені азайтудың тиімді жолдарын қарастыру және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын өндіріске енгізу болды.
Егемен Қазақстан • 09 Маусым, 2026
«Қазақ газеттері» серіктестігінде «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің бас редакторы, белгілі журналист Ғабит Іскендерұлы Мүсірептің 60 жасқа толған мерейлі белесіне арналған іс-шара өтті. Серіктестіктің бас директоры Дихан Қамзабекұлының төрағалығымен өткен алқалы жиынға Президент кеңесшісі Бауыржан Омаров пен Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Қуат Бораш, сондай-ақ бас басылымның ұжымы қатысты.
Экономика • 09 Маусым, 2026
Тақтатас мұнайы – жаңа энергетикалық дәуірге бастар жол
Жақында Шымкент қаласындағы Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінде мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, академик, геология-минералогия ғылымдарының докторы Шахмардан Есеновтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақстандағы геологиялық барлау ісінің даму эволюциясы: инновациялар мен перспективалар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Сұхбат • 09 Маусым, 2026
Әлия Мұстафина: Жасанды интеллект архив саласына серпін береді
Бүгін, 9 маусым күні, Халықаралық архивтер кеңесінің қолдауымен Астана қаласында III халықаралық архившілер конгресі – «Digital Archive EXPO» (DA-EXPO) форумы басталды. Осы орайда Президент архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Әлия МҰСТАФИНАМЕН сұхбаттасып, архив саласының қазіргі тынысы, цифрлық даму, жасанды интеллектінің архив жұмысына әсері жайында сұраған болатынбыз.
Саясат • 09 Маусым, 2026
Кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды
Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыруға кірісті. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Президенттің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мәселелеріне арналған кеңес өтті.