Руханият • 31 Желтоқсан, 2020
...әншісі Димаш АҚШ-тың MTV арнасынан қазақ тілінде ән салған тұңғыш қазақстандық әнші атануы 2020 жылдың елеулі жаңалығы ретінде тарихта қалды. Кәрі құрылықты өнерімен тәнті еткен әншінің клипін MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы миллиондаған өнерсүйер қауым ерекше ықыласпен қабыл алды.
Қаржы • 31 Желтоқсан, 2020
Салық өсімпұлы кешірілген кезең
Биыл еліміздің қаржы саласында орын алған оқиғалардың бірі – жеке тұлғалардың салықтық қарыздарының кешірілуі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылған бұл шара қазақстандықтардың қарыздық жүктемесін айтарлықтай азайтты.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2020
Индустрияландыру ісінде іркіліс болмайды
Әлемді әлекке салған пандемияға қарамастан, елдің индустрияландыру бағытындағы жұмысында іркіліс болған жоқ. Бұл жоспарлы, жүйелі жұмыстың жемісі екені даусыз. Соның нәтижесінде елдің индустриялық, инновациялық даму саласы 2020 жылды ойдағыдай түйіндеп отыр.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2020
Биыл әлем жұртшылығын әбігерге салған індет Қазақстанды да айналып өтпеді. Дендей енген дерт жақындарымыздан айырып, жақсыларымыздың қатарын сиретіп кетті. Кезбе кеселдің кесірі елдің денсаулығы түгілі, әлеуметтік һәм экономикалық жағдайына да әсер етті. Дегенмен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында мемлекет тарапынан дер кезінде іске асырылған шарапатты шаралар ауқымды апаттың алдын алып, ауыздықтауға септігін тигізді. Карантин күнделікті қалыпты тіршілігімізді өзгерткенімен, бірлігімізді бұза алмады.
Медицина • 31 Желтоқсан, 2020
Іркілу мен ілгерілеу (Отандық медицина сынаққа түскен жыл)
Адамзат тарихын көктей шолғанда небір алапат соғыс, табиғаттың дүлей күштері – тасқын, зілзала сынды апаттар биылғы пандемиядай жер жүзіндегі жұмыр басты пенделерді ой мен қимыл тоғысына дәл осылай біріктіре алмапты. Қоштасатын тышқан жылының қиындығына қоса берген сабағы да сол шығар, адамзатқа бірігіңдер, біріккенге – береке, ыдырағаннан ырыс кетер дегендей...