Білім • 21 Желтоқсан, 2018
Мектеп асханасындағы тағам сапасы әркелкі
Мектеп оқушысын сапалы әрі арзан тамақпен қамтамасыз ету мәселесі талай рет көтерілді. Оқу жылы басталғалы бері Алматы мектептерінде тамақ беруді ұйымдастыруда оңды өзгерістер бар ма? Осы сауалға «Аман-саулық» қоғамдық қоры мен «Ұлағатты жанұя» қоры жауап беруге күш салды.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2018
«Шығыста күнде жиын» азаймай тұр
Жұрттың алтын уақытын алатын, орынды-орынсыз жиналыстың тым көбейіп кеткені Елбасымыздың қазан айындағы халыққа арнаған Жолдауы кезінде де сөз болған еді. Ақиқаты сол, еліміздің қаласы да, даласы да жиналыстан көз ашпай тұр. Әйтеуір, таусылмайтын жиналыс.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2018
Еуропада тарихы талай ғасырға кететін ғимараттар жетерлік. Тіпті Түркияның өзінде діні мен ділі мұсылмандыққа жат ескерткіштердің өзі сол күйінде сақталған. Бүгінде сол нысандар әлем туристерінің темірқазығы, көзінің құртына айналып, мемлекет қазынасына миллиондап қаржы құйып жатыр. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлықтау, «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құру тапсырмасы тарихи сананы жаңғыртумен қатар, оны бүгінгі күн талабына сай қалыпта көпшілікке ұсына білуді де көздегені анық. Соған сәйкес қарт Жайықтың жағасындағы ортағасырлық көне шаһар да шаңын сілкіп, жаңа өмірін бастағалы тұрғандай.
Медицина • 20 Желтоқсан, 2018
Медициналық пойыздар өз жұмысын аяқтады
Үш ай бойы еліміздің шалғайдағы темір жол бекеттерінде тоқтап, елді-мекен тұрғындарының денсаулығын тегін тексерген медициналық пойыздар өз жұмысын аяқтады. Осы уақыт ішінде 41 360 адам білікті мамандардың көмегіне жүгініп, үш мыңға жуық шағын операция жасалған. Бұл туралы «Samruk-Aqparat» баспасөз орталығында өткен жоба жұмысының қорытынды жиынында айтылды.
Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2018
«Қазақ ПЕН клубының» жаңа лауреаттары белгілі болды
Жыл соңында шығармашылық ұжымның жылды қорытындылаған жалпы жиналысы болып өтті.