Әскер • 30 Наурыз, 2026
Алматы мен Түркістанда жаңа әскери нысандар салынып жатыр
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жұмыс сапарымен барып, Алматы мен Түркістандағы әскери нысандардың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2026
25 жыл жөндеу көрмейтін жол: Аягөздік оқушы пластик қалдықтардан эко-асфальт жасап шығарды
Абай облысының Аягөз қаласындағы №10 қазақ мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Аружан Қабдұлмаратова тұрмыстық пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жол жабынын жасаудың тың әдісін ұсынды. Жас зерттеушінің бірнеше жылға созылған еңбегі нақты нәтижесін беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 30 Наурыз, 2026
Азия чемпионаты: Екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды
Бүгін Моңғолия астанасы Ұланбатырда әйелдер және ерлер арасында бокстан Азия чемпионаты басталды. Ел атынан алғаш болып шаршы алаңға 51 келіде Жазира Орақбаева шықты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Наурыз, 2026
10 млрд теңгеден астам шығын: Қаржы пирамидасын басқарған күдікті елге экстрадицияланды
Қазақстан азаматы Грузиядан елге экстрадицияланды. Операция Бас прокуратура мен ІІМ Интерполының Ұлттық орталық бюросының қызметкерлерінің қатысуымен, сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Ол экономикалық салада жасаған бірқатар ауыр қасақана қылмыстары бойынша жауапқа тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2026
Ресейдегі жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары қамауға алынды
Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы Усть-Лугадағы вахталық кентте болған оқиғаға қатысты ресми мәлімет таратып, отандық азаматтардың жағдайы бақылауда екенін мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.