Үкімет • 31 Желтоқсан, 2013
«Күлтөбенің басында күнде жиын» демесек те, Үкіметте түрлі деңгейдегі басқосулар өтіп жатады. Осындай бір отырысқа Үкімет мүшелері 11 қазанда да жиналған еді. Үкіметтің үстіміздегі жылдың тоғыз айында тындырған істерін таразы басына тартқан кеңейтілген отырысқа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі төрағалық етті.