Білім • 25 Желтоқсан, 2025
2025 жылдың негізгі қорытындылары
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында 2025 жылы Ғылым және жоғары білім министрлігі жетекші шетелдік университеттермен стратегиялық серіктестіктерді жүйелі түрде дамытып, Қазақстанды өңірлік білім беру орталығы ретінде қалыптастыруға және азаматтардың сапалы халықаралық білімге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған жұмысты жалғастырды, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 25 Желтоқсан, 2025
Еліміздегі тұңғыш Халықаралық қатынастар факультетіне 30 жыл толды
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде саяси даму бағыты енді айқындалып жатқан тарихи кезеңде профессор Ж. О. Ибрашев еліміз үшін жаңа әрі стратегиялық маңызы зор – халықаралық қатынастар саласында мамандар дайындау қажеттілігі туралы алғашқылардың бірі болып мәселе көтерді. Оның пайымдауынша, әлемдік қауымдастықтың дербес мүшесі ретінде Қазақстанның шет мемлекеттермен тиімді өзара ықпалдастықты орнатуы үшін халықаралық қатынастар мен дипломатия саласында жоғары білікті кәсіби мамандарды даярлау - аса өзекті міндет болды.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысының бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды
Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатқа ие болды. Сонымен қатар Президент Алғысын жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Келер күннен үміт етіп, жаңа жылдан жарылқау күту – адамзат табиғатында ежелден бар үрдіс. Оны тек әр халық өз дүниетанымына, ғұрпына сай жасайды. Мәселен, біздің заманымыздағы тарихи жәдігерлерді санамағанда, жаңа жылды тойлау туралы деректер ежегі Месопотамия мен Мысыр ескерткіштерінде сақталған. Ал сіз бен біздің көзіміз үйренген Жаңа жыл форматы қалай қалыптасты? Шырша ағашының символдық мәні қандай? Зерделеп көрдік.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Қандай аумақта отшашуды атуға тыйым салынады?
Бүгін Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Бабаев жаңа жыл мерекесі қарсаңында үй-жайда шырша орнату мен отшашу ұйымдастыру тәртібін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндіріп берді, деп жазады Egemen.kz.